-A A +A

Жаңалықтар

«Халық» жалпыға бірдей белгілі тауар таңбасын заңсыз қолданғаны үшін жауапкершілік

Астана қаласының Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласын мемлекет саясында жүзеге асырады.
 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына сәйкес, талаптардың толық орындалу мақсатында «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның сенімді өқілінің арызы негізінде, зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі «Халық Суы Шығыс» ЖШС-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Республикалық акция «Нұр Отан» партиясы АҚФ-да

2017 жылдың 22 қыркүйегінде «Әділет кеңес береді» атты республикалық акция аясында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында азаматтарды қабылдау шарасы өткізілді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері бойынша семинар

2017 жылдың 20 қыркүйегінде Астана қаласының Әділет департаменті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-н бірігіп Нотариаттық палата өкілдері мен қаланың нотариустарына арнап Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу мәселелері бойынша семинар өткізді.
Осы іс–шараның мақсаты, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңын халыққа түсіндіру, сауаттылықтары мен құқықтық  білім деңгейлерін арттыру және білікті заңгерлік көмек көрсету.

«Астана Ақшамы» газетінде «Жаһандық бәсекеге қабілеттік дүниежүзілік экономикалық форумының индексіндегі заң шығаруының тиімділігі» атты мақала жарыққа шықты

«Астана Ақшамы»  газетінің  №111 (3616)  санында Астана қаласы Есіл аудандық Әділет басқармасының бас маманы  А.Тағайбектің «Жаһандық бәсекеге қабілеттік дүниежүзілік экономикалық форумының ииндексіндегі заң шығаруының тиімділігі» атты мақаласы жарыққа шықты.                             
  Астана қаласы Әділет Департаментінің
баспасөз қызметі

Сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астана қаласы Әділет департаменті (әрі қарай – Департамент) Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу аумақтық бөліміне Астана қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасынынан ҚР «Атқарушылық іс-жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы заңының 148 бабының талабына сай борышкерлердің сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 669 бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін ұсыныстары келіп түскен.

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау үшін құжаттар тізбесі туралы ЖАДЫНАМА

Атқарушылық іс жүргізу – борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар («Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының              1) тармақшасы).

Астана қаласы тұрғындарының назарына!

«Әділет кеңес береді» атты республикалық акциясы шеңберінде, мемлекеттік органдарының заңгерлерімен, нотариустарымен, адвокаттарымен және сот орындаушыларымен  бірлесіп халыққа тегін құқықтық кеңестер беру кездесуі өткізіледі.
Қала тұрғындарын қабылдау шарасы «Нұр Отан» партияның АҚФ ғимаратында (Тәуелсіздік даңғ, 3) 2017 жылдың  22 қыркүйегі сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізілуі жоспарлануда.

Заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және  филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабына сәйкес  заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттік қайта тiркелуге әкеп соғатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтер бiр ай мерзiмде берілмегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес жауаптылық туындайды.

Астана қаласының № 4 Алматы аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының «ХҚО» Департаменті қызметкерлерімен семинар өткізілді

2017 жылдың 14 қыркүйекте Алматы ауданының Әділет басқармасы, жергілікті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, бизнес – қауымдастық өкілдері, нотариустар, адвокаттармен Астана қаласының № 4 Алматы аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының «ХҚО» Департаменті қызметкерлерімен: Қазақстан Республикасы Халықаралық банктің «Doing Business» халықаралық рейтингісінде қабылдаған заңи реформаларын айқындай отыра, кәсіпорын ашудағы оңтайландырылған рәсімдерді түсіндіру» тақырыбында семинар өткізді.

Адвокаттық қызметпен айналысу құқығы бойынша аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімі

Өткізілетін күні:  29 қыркүйек 2017ж.
Өткізу орны: Астана қаласы Әділет департаментінің ғимаратында, Жеңіс даңғылы 15.
Басталу уақыты: сағат 09:00-де.
Байланыс телефоны: 32 85 81
 
Абдрахманов Ержан Фариденович
Алибаев Раим Тухтарканович
Альсенова Мария Эдуардовна
Артыкбаев  Толеген Джумабекович
Бактыгалиев Елдар Кайратович
Балташ  Асылхан  Каирбекұлы

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге жіберілген үміткерлердің тізімі

Өткізілетін күні:  28 қыркүйек 2017ж.
Өткізу орны: Астана қаласы Әділет департаментінің ғимаратында, Жеңіс даңғылы 15.
Басталу уақыты: сағат 09:00-де.
Байланыс телефоны: 32 85 81
 
Айкешева Гульсум Муратовна
Ахметова Айнур Бектасовна
Бисалиева Лейла Муратовна
Ескендирова Алия Акылтаевна
Жолат Ерболат Бауыржанулы
Мустафина Асия Дюсеновна
Саметова Айгуль Булатовна

Хабарландыру

Астана қаласының  Әділет департаменті тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу      туралы  жариялайды.

Беттер