-A A +A

«Ашық есік күні» өткізілді

Астана қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі, 2017 жылдың маусым айының  13-14 аралығында  жеке және заңды тұлғалар үшін (кәсіпкерлер, тауар таңбаларының құқық иеленушілер) зияткерлік меншік құқығын түсіндіру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
         Іс-шараның мақсаты тәуелсіздік құндылықтарын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етіп отырып, соның ішінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша құқықтық мемлекеттің негіздерінің мызғымастығын қоғамдық сана-сезім ретінде нығайту болып табылады.
Іс-шара барысында бөлім мамандары азаматтардың қызығушылық туғызған мәселелері бойынша кеңес беріп, қолданыстағы заңнаманы түсіндірді.
 
Астана қаласы Әділет Департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі