-A A +A

Астана қаласы Әділет департаментінде үміткерлердің нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысуына аттестаттау өткізілді

2017 жылдың 29-30 маусымында Астана қаласы Әділет Департаментінде құрылған әділет аттестаттау комиссиясымен адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың кезекті аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттаудың бекітілген ережелеріне сәйкес үміткерлерге аттестаттау өткізілу туралы 10 күн бұрын хабарланды.
Аттестаттау екі кезеңнен құрылды: комьютерлік тест тапсыру және үміткерлердің білімін емтихан билеттері бойынша тексеру.
Жалпы аттестация өз деңгейінде өтті, аттестацияның өту сапасы мен ұйымдастыруына сұрақтар мен шағымдар түскен жоқ. 
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі