-A A +A

Астана қаласы ҚР «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер Палатасының өкілдерінің қатысуымен өткізілген бірлескен дөңгелек үстел

2017 жылдың 07 қарашасында Астана қаласы Әділет департаментінде ҚР «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер Палатасының өкілдерінің қатысуымен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласы бойынша «Doing Business»  Бүкіләлемдік банк рейтингінде ҚР  позициясы сұрақтары бойынша және бизнесті дамыту мемлекеттік институттарының ролі» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.
Дөңгелек үстел  барысында,  заңды тұлғаларды тіркеу, Астана қаласы  аумағына  басқа  аймақтардан  ауысып  келген  заңды  тұлғаларды  қайта  тіркеу, заңды тұлғаларды тарату, олардың филиалдары мен өкілдіктерін  есептік тіркеуден алу кезінде туындайтын кейбір күрделі мәселелер  талқыланды. 
Дөңгелек  үстелді  қорытындай  келе,  әділет органдары және Палата  арасында  өзара  қарым-қатынасты  одан  әрі  жалғастыру  туралы  шешімге  келді. 
 
Заңды  тұлғаларды  тіркеу бөлімі