-A A +A

Астана қаласының жеке кәсіпкері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 158 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астана қаласының Әділет департаментінің қатысуымен өткен Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сот отырысында ЖК «Р.И. Мамбеталиеваға» қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158 бабы бойынша әкімшілік іс қаралды.
Сонымен, жеке кәсіпкер әлде – кімнің құқығын бұзғанын білместен, Астана қаласының сауда үйлерінің бірінде АО «RG Brands» компаниясының келісімінсіз «Пиала Gold» тауар белгісін жүзеге асырады. Осыған орай, ҚР ӘҚБтҚ 158 бабына сәйкес жеке кәсіпкерліктің іс – әрекеті қылмыс болып сараланып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болды.
АО «RG Brands»  «Пиала Gold» тауар белгісінің сертификатта расталған құқық иеленушісі болып табылады.  
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңның 1 бабының 9 тармағына сәйкес, тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану - тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде және (немесе) олардың бумасында қолдану, тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердiң атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгiзу.
Астана қаласының МАӘС – ның қаулысында ЖК «Р.И. Мамбеталиеваға»  тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін тауарларды тәркілеу және мемлекет кірісіне 40 айлық есептік көрсеткіш 90 760 теңге мөлшерде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 
 
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі