-A A +A

Атқарушылық іс жүргізудегі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге уәкілетті органдардың өзара әрекеттесу мәселесі бойынша ведомствоаралық жедел кеңес отырысы

2017 жылдың 21 қарашасында Астана қаласы Әділет департаменті Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасымен бірлесіп, атқарушылық іс жүргізудегі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жедел кеңес мәжілісін өткізді.
Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Г.Е. Гаиповтың және  Астана қаласы Әділет департаменті «Сарыарқа» ауданының аумақтық бөлімінің басшысы - аға сот орындаушысы А.И. Замерованың баяндамалары тыңдалды.
Кездесу барысында, атқарушылық іс жүргізудегі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөнінде қабылданатын шаралар туралы бейнебаян көрсетіліп, 1 миллион теңгеден астам алимент төлеу бойынша берешегі бар борышкерлердің әкімшілік материалдарды қарау кезіндегі туындайтын мәселелері туралы айтылды.
 
Өз кезегінде, ведомствоаралық жедел кеңес жұмысының жоспарлары талқыланып, бекітілді. Ведомствоаралық жедел кеңесі шеңберінде, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерге арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Борышкерлерді жұмысқа орналастыру - берешекті өндіріп алу мәселесінің шешуіндегі маңызды факторы. Өйткені, берешекті өндіріп алудың негізгі жолы еңбекақыдан немесе  борышкердің басқада төлемдерінен ұстап қалу болып табылады.
Іс-шара соңында  аталған бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралып, сапалы жұмыстар жүргізілу туралы шешім қабылданды.
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
 баспасөз қызметі