-A A +A

Елорда әкімдігінде Заңжобалар талқыланды

А.ж. 31 қазанында әкімдіктің аппараттық отырысында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңжобалары талқыланды.
Аталған Заңжоба заң қызметтерінің қол жетімділігі мен оның сапасын арттыруды; адвокатура институтын нығайтуды, оның ішінде адвокаттарға қойылатын талаптарын арттыруды; адвокаттардың кәсіби қызметінің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу; заң қызметтерінің барлық кешенін реттеуді; азаматтардың жекелеген санаттарына заң қызметтерін ақысыз негізде көрсетуді көздейтін «pro bono» принциптерінде заң қызметтері институтын кеңейтуді қарастырады.
Көтерілген барлық мәселелер бойынша, кездесу қатысушыларына тиісті түсініктеме берілді.
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі