-A A +A

Есіл ауданы аумақтық бөлімімен 2017 жылдың 2 тоқсанында алимент өндіру туралы атқарушылық өндірістер бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесі

Есіл ауданы аумақтық бөлімі (әрі қарай – Бөлім) Есіл ауданы прокуратурасымен бірлесіп алимент төлемдерін өндіру туралы атқарушылық өндірістері бойынша борышкерлердің деректері, мекен-жайы, мүлкі және жұмыс орнын анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Атқарушылық іс-шаралар нәтижесінде 4 борышкер атқару құжатының талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жазаға, 2 борышкерге қатысты ішкі істер органдарына ҚР ҚК-нің 139 бабы бойынша қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныстары жолданған.
Бірлескен жұмыс нәтижесінде барлығы 7 571 123 теңге алимент қарызы өндірілген.
Бөлім және прокуратура органдары арасында бірлескен жұмыстары жалғастырылуда.
 
А.Сәменқұлов
Есіл ауданы аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы