-A A +A

Хабарландыру

Астана қаласының  Әділет департаменті тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу      туралы  жариялайды.
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң),  141-1 бабының 2 тармағына сәйкес, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша тиісті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары арқылы өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен қоса жібереді.
Заңының 141 бабының 1 тармағына сәйкес, тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.
Сонымен қатар, Заңының 141-1бабының 7 тармағына сәйкес, аттестаттау екі кезеңнен тұрады – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тест тапсыру және  үміткердің білімін әңгімелесу түрінде тексеру.
Осыған қоса, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 605 бұйрығымен бекітілген, тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
 
Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 15, мекен-жайы бойынша, 2017 жылдың 12 шілдеден 10 тамаз аралығында  құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады.
Дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі
Байланыс телефон:8(7172) 31 09 59
 
Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімі