-A A +A

Хабарландыру

Астана қаласының Әділет департаменті тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңының (бұдан әрі - Заң), 141-1 бабының 2-тармағына сәйкес, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша тиісті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары арқылы өзін аттестаттауға жіберді.
Заңының 141 бабының 1-тармағына сәйкес, тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.
Заңының 141-1 бабының 7-тармағына сәйкес, аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тест тапсыру;
      2) үміткердің білімін әңгімелесу түрінде тексеру.
Аттестаттаудан өткізу тәртібі тұлғалардың тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидалары мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 30 сәуір № 249 стандартымен реттелген.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығымен 30 қарашадағы 2015 жылғы № 605 бұйрығымен «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидалары» бекітілген.
 
Құжаттарды қабылдау 2017 жылдың 6 қарашасынан бастап 5 желтоқсанға дейін  Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 15 мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Дүйсенбі – жұма: 09:00-18.30 сағат, түскі үзіліс: 13:00 – 14:30 дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Байланыс телефоны: 8(7172) 31 09 59
 
Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімі