-A A +A

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Астана қаласының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты шараны Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы М.Абилов құттықтау  сөздерімен бастады.
 
Тәуелсіздік күніне орай ерекше еңбегі мен әділет органдарының қызметіне енгізген үлесі үшін Әділет департаментінің басшысы М.Абилов Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің медальдары және мадақтама қағаздарын әділет органдарының қызметкерлеріне табыстады. Сондай-ақ қызметтік міндеттерін үлгілі орындағандары үшін қызметкерлер Әділет департаменті басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шара департамент қызметкерлерінің қатысуымен  дайындалған  концерттік бағдарламамен жалғасты.  
Шара соңында Әділет департаменттің басшысы барлық қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі