-A A +A

Әкімдіктің аппараттық отырысында Заңжобалар талқыланды

А.ж. 23 қазанында кезекті аппараттық отырысында Астана қаласы әкімінің міндетін атқарушысы С.М. Хорошуның төралығымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңжобалары талқыланды.
Аталған кездесу әкім орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдары, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес қаумдастығы өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Заңжобаларының негізгі ережелері бойынша Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы М.Абилов баяндама жасап, Заңжобалар азаматтарды қолжетімді және сапалы заң көмегімен қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Аталған Заңжоба заң қызметтерінің қол жетімділігі мен оның сапасын арттыруды; адвокатура институтын нығайтуды, оның ішінде адвокаттарға қойылатын талаптарын арттыруды; адвокаттардың кәсіби қызметінің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу; заң қызметтерінің барлық кешенін реттеуді; азаматтардың жекелеген санаттарына заң қызметтерін ақысыз негізде көрсетуді көздейтін «pro bono» принциптерінде заң қызметтері институтын кеңейтуді қарастырады.
Қатысушылардың сұрақтарына Департамент басшысымен тиісті түсініктеме берілді.
 
Астана қаласы Әділет депаратментінің
баспасөз қызметі