-A A +A

Қосшы кентінің тұрғындарына арналған көшпелі кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 16 маусымында  азаматтарға тегін заң кеңесін беру мақсатында, Астана қаласы Әділет департаменті Астана қаласының Нотариаттық палатасымен, Адвокаттар алқасымен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, Ильинка кентінің тұрғындарына арнап, көшпелі кеңес өткізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» ҚР Заңы, әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, Жаһандық бәсекеге қаблеттілік индексі дүниежүзілік экономикалық форумның және «DoingBusiness» Дүниежүзілік банктің Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту бойынша жүргізілетін жұмыстары түсіндіріліп талқыланды.
Кент тұрғындарымен сотқа талап арыздың дұрыс жазылуы, жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, сенімхат беру, алимент алу бойынша сұрақтары қойылды.
Өз кезегінде, Астана қаласының нотариустары, адвокаттары мен сот орындаушылары қойылған сұрақтардың әрі қарай толық шешу жолдары бойынша өздерінің заңгерлік көмегі мен кеңестерін ұсынды.
Кездесу соңында Қосшыа кентінің тұрғындары іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

 

Астана қаласы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі