-A A +A

Қырғыз Республикасы Әділет министрлігі өкілдерімен кездесу

2017 жылдың 6 қыркүйегінде Астана қаласы Әділет департаментінің Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасына Қырғыз Республикасының Әділет министрлігі өкілдері қонақ болып арнайы келді.
Кездесу барысында Департамент мамандары қонақтарды Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының жұмысымен, нақтырақ айтсақ, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудегі мемлекеттік қызмет көрсету саласының, Департаментпен расталған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін, жылжымайтын мүлік нысандарының жоспарын, құқық белгілеуші құжаттардың телнұсқасын беру және тағы басқа мәселелермен жан-жақты таныстырды. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
 
Кездесуді қорытындылай келе, қонақтар Әділет департаменті жұмысымен танысуға мүмкіндік бергені үшін басшыға алғыс айтты.
Қырғыз Республикасы Әділет министрлігі өкілдері өздерін қызықтырған сауалдарға тиянақты әрі толық жауап алып, кездесу қорытындысына қанағаттанды.
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі