-A A +A

«Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру» тақырыбында семинар-кеңес

2017 жылдың 14 желтоқсанында Астана қаласы Есіл аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінінің (бұдан әрі - МҚІжСЖҚКА) өкілі Рахматуллин Асқар Рашидұлының қатысуымен «Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру» тақырыбында  семинар-кеңес өткізілді.
Ісшара жүргізуі барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және олардың әдістері, ұсынылу тәртібін жәнеде соның ішінде шет елдердің «бір терезе» қағидатын іске асыру тәжірибесі бойынша  мәселені қарастырды.
МҚІжСЖҚКА басқарма басшысы Қазақстандағы мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықпен күресу және алдағы жететін жетістіктер мен нәтижелер туралы кеңінен тақырыпты әңгімеледі.
Ісшараны қорытындылай келе, МҚІжСЖҚКА өкілі Астана қаласы Әділет департаментінің және оның құрылымдық бөлімшелері тарапынан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік қызметкерлеріне қойылған міндеттерін орындау үшін белсенді жұмысын жалғастыратынына сенім білдірді.
 
Есіл аудандық Әділет басқармасы