-A A +A

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы

2017 жылдың 3 қарашасында Астана қаласының Әділет департаменті «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Астана қалалық филиалы өкілдері мен мүшелеріне арнап Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу мәселелері бойынша семинар өткізді.
Осы іс–шараның мақсаты, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңын халыққа түсіндіру, сауаттылықтары мен құқықтық  білім деңгейлерін арттыру және білікті заңгерлік көмек көрсету.
Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің башысы семинар қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде МӘМС-тің енгізілуі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің дамыған елдердің үлгісі бойынша қаржылық-тұрақтылыққа алып келетіндігін, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратындығын және мемлекет пен азаматтардың денсаулығына жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін алға тартты.
Іс-шара барысында семинар қатысушылары МӘМС-ті енгізуге қатысты қызықтырған сауалдарына жан-жақты жауап алды.
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі