-A A +A

Нарықтағы контрафактілік өнімді жою

Астана қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімі, ағымдағы жылдың 17 шілде күні нарықтағы контрафактілік өнімдердің алдын алу мақсатында, «Биг Шанхай» сауда орындарында жеке кәсіпкерлерге және сатушыларға қатысты құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Құқықтық түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты сауда орындарында контрафактілік өнімдерді қолдануға және оларды сатуға жол бермеу болып табылады.
Іс шараның соңында, контрафактілік өнімдерді сатқаны үшін, сондай-ақ мемлекетке залал келтіргені үшін заңда көзделген жауаптылыққа тартылатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
        
Астана қаласы Әділет депаратаменті
Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімі