-A A +A

«Пиала Gold» тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін айыппұл

Астана қаласының Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласын мемлекет саясатында жүзеге асырады.
Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылатын жерлердің атаулары сияқты маңызды меншік саласы бүгінде Қазақстанның нарық экономикасының маңызды элементтерінің бірі болып тұр.
Тауар таңбасы – бір өндірушінің тауарларын екінші өндірушінің осы тектес тауарларынан ажыратуға мүмкіндік беретін таңба. Алайда, тауар таңбасын іске асыру үшін рұқсатпен қатар лицензия алу қажеттігін барлығы біле бермейді.
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңына сәйкес, талаптардың толық орындалу мақсатында АҚ «RG Brands» құқық иеленушілердің арызы негізінде, зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі «Астаналық» сауда үйіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.  АҚ «RG Brands» «Пиала Gold» классикалық» тауар белгісінің сертификатта расталған құқық иеленушісі болып табылады.
Тексеру барысында, азық – түлік өнімдерін іске асырушы кәсіпкерлік қызметін атқарушы жауапкершілігі шектеулі серіктестік АҚ «RG Brands» компаниясының келісімінсіз «Пиала Gold» классикалық» тауар белгісін бөлшектеп сатуды жүзеге асырғаны анықталды. Осыған байланысты, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 158 бабына сәйкес, ЖШС-тің     іс – әрекеті құқық бұзушылық болып сараланып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.  
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңның 4 бабының 4 тармағы бойынша, тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.
Осы заңның 1 бабының 9 тармағына сәйкес, тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану - тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде және (немесе) олардың бумасында қолдану, тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердiң атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгiзу.
Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотынының қарауында Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімінің қатысуымен ЖШС-не байланысты әкімшілік іс жүргілді.
Іс барысында, Астана қаласының МАӘС-ның қаулысы бойынша ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, шағын кәсіпкерлік субъектісіне тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін тауарды тәркілеу және 40 АЕК 90 760 теңге көлемінде мемлекет кірісіне айыппұл салынды.
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі