-A A +A

Республикалық акция «Нұр Отан» партиясы АҚФ-да

2017 жылдың 22 қыркүйегінде «Әділет кеңес береді» атты республикалық акция аясында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында азаматтарды қабылдау шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараны тиімді және нәтижелі жүзеге асыру барысында, Әділет департаментімен ұйымдастырылған тәжірибелі заңгерлер тобының  құрамына қаланың нотариусы және адвокаттары, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің білікті мамандары, сонымен  қатар, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – Жылжымайтын мүлік орталығы департаментінен, ІІД «Көші-қон полициясы басқармасы», «Жұмыспен қамту, еңбек және әулеметтік қорғау», «Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау», «Тұрғын үй» басқармаларының және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері кірді.
Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты азаматтарға тегін заң кеңесін беру болып табылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру мақсатында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері акцияға алғаш рет қатысып отыр.
Акция барысында азаматтарға «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы», «Жылжымайтын мүлікті қалай тіркеуге болады?» «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі»  және т.б.ақпараттық кітапшалар таратылды.
Партияның қабылдау бөліміне тегін көрсетілген заңгерлік кеңеске жылжымайтын мүлікке қатысты, адвокаттардан кеңес пен құқықтық тұрғыда көмек алу, тұрғын үйге кезекті қайта қалпына келтіру мәселелерімен т.б. сұрақтары бойынша шамамен 20-дан астам азамат жазылған.
Мәселелердің кейбірін заңгерлер жеке бақылауларына алып, оларды шешуге көмектесуге ұсыныс білдірді.
Акция соңында азаматтар мемлекеттік органдардың өкілдеріне өзекті сұрақтарын шешуге көмек бергені үшін алғыстарын білдірді.
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі