-A A +A

Заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны

         «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және  филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабына сәйкес  заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттік қайта тiркелуге әкеп соғатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтер бiр ай мерзiмде берілмегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туындайды.
        «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 466 быбының 1 тармақшасымен аталған заңбұзушылық жасаған үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Алайда, іс жүзінде аталған заң талаптары сақталмайтындығын байқауға болады.
Ағымдағы жылдың 5 айында осындай заң бұзушылыққа 44 заңды тұлға жол берген.       
Мысалы, 18.02.2017 жылы «APRIORI. KZ» ЖШС-і қатысушылардың құрамының өзгеруіне байланысты қайта тіркеу жөнінде арызымен Алматы аудандық әділет басқармасына жүгінген. Арызды қарау барысында, аталған заңды тұлғанының қайта тіркеуі туралы шешім 09.07.2016 жылы қабылданғаны, демек  заңмен белгіленген бір айлық мерзім бұзылғаны анықталды.
Осыған байланысты, Алматы аудандық әділет басқармасы басшысының қаулысымен аталған заңды тұлға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 466 бабының 1 тармақшасымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып оған 10 айлық есептік мөлшерінде (22690 теңге)  айыппұл салынған.
Сол сияқты, «Столичная Агрокомпания» ЖШС-і қайта тіркеу туралы арызымен әділет басқармасына 31.01.2017 жылы жүгінген, ал қайта тіркеуден оту туралы шешім 17.11.2016 жылы қабылданған. Осы факті бойынша аталған заңды тұлға әкімшілік жауапкершіліке тартылған. 
Жоғарыда атап көрсетілгендей, ағымдағы жылда сол сияқты заң бұзушылықтар үшін 44 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Назар аударатын жағдай, ағымдағы жылдың 5 айында  жоғарыда атап көрсетілген заң бұзушылықтарға жол берген үшін 44 заңды тұлға жауапкершілікке тартылса, ал 2016 жылдың осы уақытында 13 заңды тұлға жауапкершілікке тартылған. Демек, ағымдағы жылы заң бұзушылықтардың санын азайғанын  байқауға болады.
Жоғарыда атап көрсетілгендердің негізінде,  тиісті жағдайларда заңмен бекітілген мерзімде қайта тіркеуден өтіп және орналасқан жері ауысқан кезде уақытылы әділет органдарына  хабарлама беріп туруы қажеттілігін заңды тұлғалдардың құрылтайшылары мен басшыларының назарына  саламыз.     

 

 

Астана қаласының

Алматы аудандық әділет Басқармасының басшысы

ҚР Астана қаласының заңгерлер одағының мүшесі – З. Коржумбаева