-A A +A

«Заңмен байланыстағы адамдарды әлеуметтік қолдау аймағын құру. Қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері: әйелдер мен балалар» республикалық семинары

Ағымдағы жылдың 30 қазанында «Право» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» грантын жүзеге асыру аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Бала және заң» грантын жүзеге асыру барысында бала құқығы бойынша уәкілетті, республикалық және аймақтық деңгейдегі ұйымдардың өкілдері, кәмелетке толмағандар істері бойынша аудаанарлық соттары,  ІІД қоғамдық кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар мен әкімдіктер, прокуратура, білім басқармасы, әділет органы, денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және халықаралық тәжірибемен алмасуда арнайы Нидерландыдан шақырылған қонақтың қатысуымен республикалық семинар өткізілді.
Семинардың модераторы ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары  Э.А. Азимова – «Заңмен байланысты тұлғаларды әлеуметтік қолдау шеңберін құру. Сотталғандарды қоғамнан оқшаулаусыз  әлеуметтендіру сұрақтары: әйелдер және балалар» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
Семинар барысында  нақты 100 қадам – ұлттық жоспардың 33 т. жүзеге асыру сұрақтары талқыланды. Бостандығынан айырылған және пробация қызметінде есепте тұрғандарға қатысты арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын және әлеуметтік сауықтыру бойынша кешендік стратегиясын әзірлеу. ҚР пробация қызметінде есепте тұрған және бостандығынан айыру мекемелерінен шыққан азаматтарды ақтау ерекшеліктері, сондай-ақ кәмелет жасқа толмаған балалар және оларды қорғау сұрақтары қозғалды.
Семинар шеңберінде қатысушылармен баяндама және презентациялар (бейнероликтер), статистика, халықаралық тәжірибе, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің мәселесі, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қолданыстағы заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар талқыланды.
Семинар аяғында пленарлық пікірталас өткізіліп, моденатормен жергілікті атқарушы органдармен (әкімдіктер, денсаулық сақтау, білім беру, әділет органдары, халықты жұмыспен қамту) кәсіпорындар мен үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікті жалғастыру туралы ұсыныс  қабылданды.
 
Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостілдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімі