-A A +A

Жергілікті атқарушы АХАТ органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелері бойынша «Ашық есік» күні өткізілді

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің тапсырма  хаты бойынша  азаматтарға  мемлекеттік  қызметтерді  көрсету тәртібін түсіндіру   мақсатында   ағымдағы жылдың 17 шілде айында Астана қаласының  Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу және апостілдеуді қамтамсыз ету және бақылау бөлімінің басшысы және Астана қаласының Алматы, Есіл және Сарыарқа  аудандарының АХАТ бөлімдері   басшыларымен бірлескен  «Ашық  есік»   күні  бойынша кездесу  өткізілді.
Осы іс-шараға қатысты мелекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламентттерінің қолжетімділігін қамтамсыз ету мақсатында, интернет-ресурстарда қызметтерді көрсету тәртібі жөнінде ақпараттық  тиісті хабарламалар орналастырылды.
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ерекше назар аудара отырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың  жүйелі түрде туындайтын проблемалық мәселелері мен сұрақтары, оларды шешу және жүзеге  асыру  бойынша   сауалдар   қарастырылды.
 
Астана қаласының Әділет департаментінің
азаматтық  хал  актілерін тіркеу және апостілдеуді қамтамсыз ету және бақылау  бөлімі