-A A +A

«Зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі Мемлекеттік органдар» атты тақырыпта Астана қаласының «Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлерінің арасында семинар өткізілді

Астана қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі,  ағымдағы жылдың 10 қарашада «Атамекен» ҰҚП кәсіпкерлерінің қатысуымен, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мақсатында семинар өткізілді.
Қең көлемді баяндамасымен зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімінің бас маманы Н.Алпанов сөз сөйледі.
Ісшараның барысында,  кәсіпкерлерге зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы,  сондай – ақ бизнестерін қорғау мәселелері бойынша түсініктеме берілді.
Семинар қорытындысы бойынша, кәсіпкерлер алдағы уақытта тығыз қарым-қатынаста болуды және осындай кездесулердің жиі болуына  ниеттерін білдірді.
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі