-A A +A

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және тауар таңбаларды контрафактілі өнімдерден ажырату

 
Астана қаласы Әділет департаментінің  Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімінің қызметкерлері ҚР Әділет министрлігімен бірлесе отырып, сондай-ақ шетел компаниясының құқық иегерлерінің қатысуымен (Procter & Gamble Kazakhstan LLP, Coca-Cola және т.б.) «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және тауар таңбаларды контрафактілі өнімдерден ажырату» атты тақырыбында бейнеконференция арқылы өткен семинарға қатысты.
Сондай-ақ, семинарға Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Ішкі істер департаментінің, Фармация комитет департаментінің өкілдері және «Атамекен» ұлттық палата кәсіпкерлері қатысты.
Іс шараның соңында, құқық иеленушілер контрафактілік өнімдердің алдын алу және тауар таңбаларын қорғау саласында тығыз қарым-қатынаста болу ұсыныстарын білдірді.
        
Астана қаласы Әділет департаментінің
Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі