-A A +A

Ереже

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Астана қаласы Әділет департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Астана қаласының әділет депаратменті (бұдан әрі - Департамент) әділет органдарының біріңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аумақтық органы болып табылады. 
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
5. Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықытық қатынастардың тарапы болуға құқылы, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілген жағдайда. 
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тіртіппен белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
7. Департамент құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15.
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Депаратмент функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.  
 
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқытары мен міндеттері
 
13. Департамент міндеттері:
1)  заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, маслихаттардың, жергілікті өкілді және және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;  
2) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;  
3) зияткерлік қызмет құқытарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;  
4) мемлекеттік саясатты іске асыру және қалыптастыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;  
5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді заңға сәйкес жүзеге асыру.  
14. Департамент функциялары:
1) мемлекеттік тіркеу саласында:
мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімдерінің аймақтық бөлімін жүргізу;  
маслихаттарда және әкімдіктерде мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерге тексерулерді жүзеге асыру;  
әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;                  
әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;  
мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін көпшеліктің назарына ұсыну үшін жариялау;  
заңды тұлғаларды және филиалдармен өкілдіктерді есептік тіркеуді,жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу;  
бизнес-сйкестендіру нөмірдерінің ұлттық тізілімін жүргізу;                
құқықтық кадастрды жүргізу;  
заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойыншааудандық (қалалық) әділет басқармаларының қызметіне әдістемелік басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру; 
жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;  
2) заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласында:
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекет жасауға уәкілетті лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргізу;  
аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп жекеше нотариустың қызмет аумағын анықтау;  
мемлекеттік нотариаттық кеңселерді ашу және тарату;  
Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес нотариустардың мөрлерін жасауға тапсырысты жүзеге асыру және оларды беру;  
нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық іс-әрекеттердің жасауын ұйымдастыру;  
нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндірме материалдармен қамтамасыз ету;  
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыратын лауазымды адамдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсететді;  
халықты мемлекеттік және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы үнемі ақпараттандыру;  
нотариустардың лицензиясын тоқатата тұру, айыру және қолданылуын тоқтату туралы Министрлікке ұсыныс енгізу;  
нотариалдық палатамен бірлесіп, тиісті нотариаттық округте өз қызметін тоқтатқан нотариустың жеке мөрін жою және құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде, сондай-ақ егер нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтаған жағдайда лицензияны лицензиарға беру үшін, оны алу жөнінде шара қабылдау;  
нотариаттық палатаға жекеше нотариусты жауапкершілкке тарту туралы ұсыныс енгізу;  
жекеше нотариустың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақталуын бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан бас тартқан және Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жекеше нотариустарға шара қолдану;  
нотариустар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің ауылдардың, ауылдық округтердің өкімді аппараттардың лауазымды адамдары жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және олардың іс жүргізуінің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;  
адвокаттар мен нотариустардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңгерлік қызметтерінің сапасын бақылау;  
адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының мерзімін тоқтата тұру туралы және адвокаттың лицензиясын тоқтату туралы талап арызды бастамашылық ету туралы ұсыныстарды Министрлікке енгізу;  
бағалау қызметі саласындағы қызметтік бақылауды жүзеге асыру;   
әділет органдарынан және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктегі әділет органдарынан және осы аумақтағы нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;  
құқықтық насихатты ұйымдастыруды үйлестіру, заңнамалық түсіндіруге қатысу;  
азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру; 
нотариустардың халыққа қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету;  
нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жалыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;  
аумақтық нотариттық палатаның қызметін бақылауды жүзеге асыру;    
аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп Министрлікке бекітуге нотариаттық әрбір округтегі нотариустардың ең аз саны туралы ұсыныс енгізу;  
мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілердің қызметін үйлестіру, сондай-ақ көрсететін заң көмегенің сапасын бақылауды жүзеге сыру; 
халықты мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы құқықтық сауаттандыруды және лоарға құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;  
мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында жариялайды және өзінің интернет ресурстарында орналастырады;  
терроризм актісінің салдарынан зардап зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастыру;  
3) зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету саласында:
Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларға тексерулерді жүзеге асыру;  
зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қорғанудың практикасын қорыту;
4) атқарушылық құжаттарды орындау саласында:
атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);  
атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді;  
жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізеді;  
жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;
жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсынысты Министрлікке енгізу;  
тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізеді;  
жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен берлесе отырып мемлекеттік және жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығына және лоардың іс қағаздарды жүргізу ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асырады;  
5) әкімшілік іс жүргізу саласында:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде қарау.
15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
Департамент өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті құқықтық актілерді қабылдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.                               
   
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
 
16.  Департамент басшысы Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға бербес жауапты болатын Департамент басшысымен жүзеге асырылады.
17. Департамент басшысы Қазақстан Республикасы әділет Министрінің келісімімен Министрліктің Жауапты хатшысымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Департамент басшысының өкілеттігі:
1) құзыретінің шегінде Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) Департаменттің қызметкерлерін, басшының орынбасарлары, сондай-ақ аудандық (қалалық) әділет басқармасы басшыларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық қзмек көрсету, дайындау (қайта дайындау), біліктіліг арттыру, ынталандыру, үстемақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
3) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметтерді қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіреді;
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілдеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Департамент басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
          
4. Департамент мүлкі
 
21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департамент мүлкі оған  меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.
 
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату 
        
24. департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.