-A A +A

Ақпараттық материалдар

Есіл ауданы аумақтық бөлімімен 2017 жылдың 11 айында атқару құжаттарды орындау нәтижесі бойынша ақпарат

Астана қаласы Әділет Департаменті (әрі қарай - Департамент) Есіл ауданы аумақтық бөлімінде (әрі қарай - Бөлім) 2017 жылдың 11 айында заңды және жеке тұлғалардан сома өндіру туралы 483 (35 234 311 042 теңге) атқарушылық өндірісі қарастыруда болған.
Атқару іс-шаралар жүргізу нәтижесінде, мемлекет пайдасына сома өндіру туралы соттардың 122 атқару құжаттарының талаптары толық көлемде орындалып, мемлекет пайдасына 1 237 624 297 теңге өндірілді.

Есіл ауданы аумақтық бөлімімен 2017 жылдың 6 айында мемлекет пайдасына сома өндіру туралы атқарушылық өндірістер бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесі

Астана қаласы Әділет Департаменті (Әрі қарай - Департамент) Есіл ауданы аумақтық бөлімінде (Әрі қарай - Бөлім) 2017 жылдың 6 айында заңды және жеке тұлғалардан мемлекет пайдасына сома өндіру туралы 154 атқарушылық өндірісі қарастыруда болған.
Атқару іс-шаралар жүргізу нәтижесінде, мемлекет пайдасына сома өндіру туралы соттардың 24 атқару құжаттарының талаптары толық көлемде орындалып, мемлекет пайдасына 103 772 013 теңге өндірілді.

Есіл ауданы аумақтық бөлімімен 2017 жылдың 2 тоқсанында алимент өндіру туралы атқарушылық өндірістер бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесі

Есіл ауданы аумақтық бөлімі (әрі қарай – Бөлім) Есіл ауданы прокуратурасымен бірлесіп алимент төлемдерін өндіру туралы атқарушылық өндірістері бойынша борышкерлердің деректері, мекен-жайы, мүлкі және жұмыс орнын анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Атқарушылық іс-шаралар нәтижесінде 4 борышкер атқару құжатының талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жазаға, 2 борышкерге қатысты ішкі істер органдарына ҚР ҚК-нің 139 бабы бойынша қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныстары жолданған.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына Ақпараттық анықтама

Қаулы жобасын Президенттің 2017 жылғы 13 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы» № 437 Жарлығының 6-тармағы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында Заңға тәуелді актілер департаменті әзірледі.
Қаулымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолданыстағы 33 актісін Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкестендіру қарастырылған. Аттап айтқанда:

Есіл ауданы аумақтық бөлімімен 2017 жылдың 5 айында мемлекет пайдасына сома өндіру туралы атқарушылық өндірістер бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесі

Астана қаласы Әділет Департаменті (Әрі қарай - Департамент) Есіл ауданы аумақтық бөлімінде (Әрі қарай - Бөлім) 2017 жылдың 5 айында заңды және жеке тұлғалардан мемлекет пайдасына сома өндіру туралы 144 атқарушылық өндірісі қарастыруда болған.
Атқару іс-шаралар жүргізу нәтижесінде, мемлекет пайдасына сома өндіру туралы соттардың 17 атқару құжаттарының талаптары толық көлемде орындалып, мемлекет пайдасына 44 464 580 теңге өндірілді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласында анықталған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы

Зияткерлік меншік құқықтарын тиісінше қорғау мәселелері экономикалық сипаттағы мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы растап отыр, оған сәйкес осы ұйымға кіруге ниет білдірген мемлекет өзінің ұлттық заңнамасын Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге (1994 жылғы
15 сәуірдегі) сәйкес келтіруге міндетті.

Есіл ауданы аумақтық бөлімімен заңды тұлғалардан жеке тұлғалар пайдасына жалақы қарызын өндіру туралы атқарушылық өндірістер бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесі

Астана қаласы Әділет Департаменті (Әрі қарай - Департамент) Есіл ауданы аумақтық бөлімінде (Әрі қарай - Бөлім) 2016 жылдың 12 айында 1 839 атқарушылық өндірісі қаратырылды.
Атқару іс-шаралар жүргізу нәтижесінде, соттардың 712 атқару құжаттарының талаптары толық көлемде орындалып, талапкерлердің пайдасына 608 688 584 теңге өндірілді
Мемлекет пайдасына, өндірілген сомадан 10% мөлшерде 32 041 591 теңге атқару санкциясы өндірілді.

2016 жылдың 11 ай аралығында интеллектуалдық меншік саласында бұзылған құқық бұзушылықтар туралы АҚПАРАТ

Қазақстанда Зияткерлік меншіктің  дамуына қолайлы жағдайладың бірі болып контрафактілік өніммен күресуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру  және зияткерлік меншіктің обьектісін қорғау болып табыладыАстана қаласы Әділет департаментінде 2016 жылдың 11 ай аралығында Астана қаласының  ҚРБП ҚС және АЕАБ-да зияткерлік меншіктің обьектісін пайдаланғаны үшін 11 субьектіге қатысты жоспардан тыс тестеріс тіркелді. Тексеріс нәтижесі бойынша 10 құқық бұзушылық анықталды. ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 158 бабына сәйкес 10 әкімшілік өндіріс іс қозғалды.

2016 жылдың 11 айы қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласында анықталған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы

Қазақстандағы зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру міндеттерінің бірі контрафактілік және зияткерлік меншікті қорғауға қарсы күресуге, алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Әділет органдарымен 2016 жылдың 11 айында зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге 179 тексеру жүргізілді. Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша 152 құқық бұзушылық анықталды. ӘҚтК
158-бабы бойынша (тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін) 155 әкімшілік іс жүргізу қозғалды

Тіркелген НҚА бойынша 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығына жергілікті мемлекеттік органдармен жургізілген мониторинг қорытындысы

Астана қаласының Әділет департаменті (әрі қарай - Департамент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 25 тамызда № 964 қаулысымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу Ережесінің талабына сәйкес, жергілікті мемлекеттік органдар басқармаларымен ұсынған тіркелген нормативтік құқықтық актілерге (әрі қарай - НҚА) құқықтық мониторинг нәтижесі бойынша талдау жүргізілді.
2016 жылы 01 шілде жағдайына байланысты 2016 жылдың 1 жартыжылжығындағы мониторинг нәтижелері келесілерді көрсетті.

Беттер