-A A +A

Мақалалар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 16 желтоқсан күні - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.  Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің  ішінде ең соңғы заңы болып табылады.

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

«1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының ұлттық санасының қаншалықты өскенін көрсетіп берді». Н. Назарбаев
16 желтоқсан 1986 жыл Алматы қаласының жастары үшін ызғарлы желдің соққан күні болды. Елім, жерім, халқым деген ағаларымыз бен апаларымызды итке талатып, зорлық-зомбылық көрсеткен күн болды. Сол жастарымыздың қан төгу арқасында азаттығымызды алып, дініміз бен тілімізді қорғап қалдық. Сондықтан да бұл күн біздің есімізде мәңгі қалуға тиіс.

«Тәуелсіздік – болашақтың таңы»

Қазақстанның тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мерекесі болып табылады. Бұл мереке Қазақстанда жыл сайын 16-желтоқсан күні тойланады.
1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Соты Республиканың тәуелсіздік және мемлекеттік егемендігі туралы Заң қабылдады. КСРО құлдырағаннан кейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы посткеңестік кеңістікте өзінің мемлекеттік егемендігін жариялаған соңғы Республика болды.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығү бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТАМАЛАРЫНЫҢ БҰЛАҒЫ

Осыдан ширек ғасыр уақыт бұрын,  дамудың жаңа кезеңіне сенімді кірген егеменді, өзге елдермен терезесі тең - Қазақстанның жаңаша тарихы басталды.
Ата-бабамыздың тарихи аманаты, ғасырлар бойы армандап келген – өзгемен терезесі тең ел болу – осы күні, яғни 16 желтоқсанда іске асты. Бұл ұлы іске 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет басшысы етіп сайлаған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев басшылық жасады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру

Азаматтардың өтініші дегеніміз – мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына немесе белгілі бір лауазымды тұлғаға жазбаша түрде жолданған өтініш немесе шағым. Қазіргі таңда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарауға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде.

Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу

Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;

«Мемлекеттік тіл-рухани қуат көзі!»

Өзге бір тіл емдер басқаларыңды,
Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ.

Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызметті алдағы уақытта жетілдіру және дамыту

Қазақстан Республикасының Конституциясы оның ең қымбат қазынасы ретінде - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті және жариялады.
Атап айтқанда дәл осы қымбат конституциялық қазынаны қорғау және қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының адвокатура институты жұмыс істейді.
Бұл ретте адвокатураның даму деңгейінің өзі қоғамдағы демократиялық жағдайдың маңызды индикаторы болып табылады.

«Жемқорлыққа қарсы қоғам»

Жемқорлықпен күресу елі­міздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасі­рет болып табылатын ол саяси даму тұрғы­сынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар­лық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.

Беттер